A place where you need to follow for what happening in world cup

Жұмыссыздық деңгейін төмендету – басты мақсат

302

Өткен жылы Жуалы ауданындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды, ал жалпы жұмыссыздар саны 1 240 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралары аясында жұмыспен қамту мәселесімен 2637 азамат жүгініп, жұмыспен қамту шараларына 3355 адам тартылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 64 азамат жұмысқа орналастырылған. Бұл туралы аудан әкімі Нарбай Ергебеков өзінің қорытынды есеп беру жиынында айтты.

– 2019 жыл –  «Жастар жылында» жастарды жұмыспен қамту негізгі бағыттардың бірі болды. Жұмыссыз 1516 жас жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, 49 жас — ірі қара мал бағытында 110,7 млн теңге несие алып, өз жұмыстарын жасауда. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға 197 жасқа  505,0 мың теңгеден қайтарымсыз қаражат берілді.

Әрине, аудан тұрғындары мен жастардың басты мәселесі – баспана екені белгілі. Былтырғы жылы ауданда «Б.Момышұлы» атындағы қайырымдылық қоры арқылы аудан аумағынан аса мұқтаж 5 отбасыға тұрғын үй алынып берілді.

Демеушілер көмегіне алғысымыз шексіз. Дегенмен бұл қажеттілікті толық қанағаттандырмайтыны түсінікті. Былтырғы жылы біз орталық аурухана маңындағы бұрынғы бақтың орнына көп қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын әзірледік. Бүгінгі күні сараптамада.

Бұдан басқа Ақбастау елді мекеніндегі Колледждің бұрынғы жатақханасын коммуналдық меншікке алған болатынбыз. Өткен жылы ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілуде.

Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесін бұрынғы фабриканың жатақханасын мемлекеттік меншікке сатып алу арқылы қосымша шешуге мүмкіндік бар. Ол үшін облыстық басқармалардың қолдауы қажет болып отыр, – деді аудан әкімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.