A place where you need to follow for what happening in world cup

Жүк көліктерінің қозғалысы шектеле ме?

1 560

Бүгінде ел ішінде шебін тас тасыған ауыр жүк көліктерінің салдарынан жуырда ғана салынған жолдар бұзылып жатқаны рас. Қыруар қаржы бөлініп, жөндеуден өткен жолдардан айырылып қалудан қауіптенген кейбір елді мекен тұрғындары жүк көліктерінің жолын бөгеуге дейін баруда. Әсіресе, мұндай мәселе қиыршық тас өндіретін ауыл-аймақта «күйіп» тұр. Өйткені өндірушілер бұл құрылыс қоспасын тасымалдау кезінде су жаңа жолдармен жүруді әдетке айналдырған.

Атап өтерлігі, бүгінде елімізде 400 мыңнан астам ауыр жүк көліктері бар. Ал, Жамбыл облысында 4 мыңға жуық самосвал көліктер қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда пайдаланылуда. Олардың барлығы жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүріп, жақында ғана жөнделген жолдарды бұзуда.

Жалпы, өңірдегі елді мекендердің автомобиль жолдары мен көше желісі 9989 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы — 1195, ал, облыстық жолдар 1941,5 шақырымды құрайды. Бұл жолдардың жүк көтергіштігі бір оське 8 тоннадан аспайды. Бұл – салмағы 8 тонналық «Камаза» жүк көлігінің жүктемесіне сәйкес келеді. Ал, қазіргі таңда жүк көліктерінің жүк көтергіштігі бірнеше есе жоғары екені рас. Мәселен, Нowo, Shacman, Man және КamAZ сынды самосвалдардың жүк көтергіштігі 25 тоннаны құрайды. Кей жағдайда мұндағы жүктеме тиісті құжаттың барлық стандарттарынан асып түседі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.