Сарысу аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері талқыланды.
Осы бойынша аудандық сот ғимаратында прокуратура, әділет басқармасының өкілдері, нотариустардың қатысуымен кездесу жиыны өтті.
Іс-шара мақсаты Заң жұмысының барлық мүдделі құрылымдармен тәжірибелік мәселелерін талқылау, оларды заңнамалық жаңалықтармен таныстыру.
Бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша кейбір істер санатын нотариатқа табыс-тау, оңайлатылған іс жүргізуден бұйрық арқылы іс жүргізуіне көшу, сонымен қатар, сот орындаушының қаулыларын санкциялау мәселелері талқыланды.
Кездесуде судья Д.Кадерқұлқызы бұйрық арқылы іс жүргізудің 18 талабының 9 — нотариалдық жазбаны жасақтау үшін, оңайлатылған іс жүргізудегі 12 істер санатының 2 қалғанын, қалған 10-ны бұйрық арқылы іс жүргізуге табысталғанын атап өтті.
Одан басқа, сот орындаушының қаулыларын санкциялауға қатысты өзгерістер талқыланып, 2019 жылдың 3 ақпаннан бастап борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы сот орындаушының қаулысын санкциялауы алып тасталды. Екінші кезеңде, 2019 жылдың 24 сәуірінен бастап сот тек қана екі қаулысын санкциялайтын болады: борышкерді еріксіз келтіру мен шығуға шектеу қою, қалғаны прокурормен санкцияланады.
Заңнаманың жаңашылдықтарын зерделеу барысында коммуналдық қызметтер мен кондоминиум басқару субъектілері және халық арасында құқықтық-түсіндірме жұмыстарын күшейту қажеттілігіне назар аударылды. Іс – шара соңында төрағалық етуші жиынға келгендердің сұрақтарына толықтай жауап беріп, іс – шараға ат салысқандары үшін алғысын білдірді.