2024 жылдың 14 ақпанында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының қызметкерлері Тараз станциясы теміржол вокзалына аялдаған №85 «Астана-Шымкент» жолаушы пойызы №6-7 вагон тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 2001 жылы туған «А» есімді азаматша және Тәжікстан Республикасының 1984 жылы туылған «Р» есімді азаматы анықталған. Аталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 (он) тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 2024 жылдың15ақпан күніӨзбекстан Республикасының 2001 жылы туылған «А» есімді азаматшаға сот қаулысымен 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.Ал, Тәжікстан Республикасының 1984 жылы туылған «Р» есімді азаматқа қатысты Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.