A place where you need to follow for what happening in world cup

Ветеринария басқармасы қараусыз қалған үй жануарларын аулауға қатысты тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуде

385

Әлеуметтік желіде тұрғындар адамдардың көзінше ит пен мысықтарды атып, қараусыз қалған үй жануарларын мұндай тәсілмен аулаудың адамгершілікке жат екенін айтып дабыл қаққан болатын. Алайда жыл басынан бері 975 адамды ит тістеу фактісі орын алған. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Облыстағы елді мекендерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жұмыстарын ветеринариялық ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келісім-шарт бойынша іске асырады.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен «Жамбыл облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» бекітілген.
Қаңғыбас иттерді аулау гумандық әдістермен, атап айтқанда, құрық және торларды қолдана отырып, өткізіледі. Ал егер жануар адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндірсе немесе құтыру ауруына шалдыққан деген күдік болса, ұйықтататын препараттар пневматикалық шприцтер арқылы қолданылады. Атыс қаруларымен иттерді ату жүргізілмейді. Ережеге сәйкес, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, қаңғыбас иттерді аулау кәмелетке толмағандардың көзінше жүргізілмейді.
Тараз қалалық ветеринариялық станциясында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін 4 бригада құрылып, ауланған иттер мен мысықтарды уақытша ұстау орны жабдықталған.
-Ит аулаушы бригадаларға қаңғыбас жануарларға қатыгездік көрсетпеу, ауланған иттерді жарақатсыз тасымалдау жайлы үнемі инструктаж жасалып тұрады. Ұстаған жануарларды қинамаймыз. Қазір қоңырау шалған тұрғындардың үйлерінен ит, мысықтарды өзіміз алып кетеміз,-дейді Тараз қалалық ветеринариялық станциясының директоры Қанатбек Қартабаев.
-Ауланған қаңғыбас иттер жаңа иелерін іздеу мақсатында уақытша ұстау орындарында болады. Сұранысқа ие емес жануарлар эвтаназияға жатады және жойылады, өйткені ұзақ мерзімді ұстау үшін бюджеттік қаржыландыру бағдарламалары жоқ,-дейді ветеринарниялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Талғат Қожабергенов.

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы қала тұрғындарының сұраныстарына сәйкес қаңғыбас иттер топталған жерлерден аулау жұмыстарын атқарады.
Жыл басынан облыс аумағында 21415 қаңғыбас ит пен 449 мысық ауланған. Соның ішінде, Тараз қаласында 10139 қаңғыбас иттер мен 323 қаңғыбас мысықтар ауланып, жойылды.
Жыл басынан барлығы Тараз қаласы бойынша 975 адамды ит тістеу фактісі орын алып, денсаулық сақтау ұйымдарына қайрылған, оның ішінде иелері бар иттер тістегені-427, иелері белгісізі-548.
Соңғы аптада ғана қала аумағынан 29 ересек ит пен 30 күшік ауланып, уақытша ұстау орнына орналастырылды. Жеке «Ақтөс» жануарлар панасы 30 күшікті өз қамқорлығына алып, уақытша ұстау орнына орналастырған.
Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі көбінесе иелерінің жауапсыздығынан орын алуда, көшеге бос жібіріп, бақылаусыз шағылысып, қала көшелеріндегі босқын иттердің санын көбейтуде. ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында жануарлар иелерінің міндеттері белгіленген, иттерін тіркеу иелері тарапынан жүргізілуі тиіс.Тұрғындардың басым көпшілігі сол міндеттерін атқармайды. Иттерін бос қойып жіберген иелеріне шара қолдану қала мен ауданның елді мекендерінде құзырлы мекемелер тарапынан жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.