A place where you need to follow for what happening in world cup

«Тозақта болғандай күй кештік»: Алматы тұрғындары қаладағы тәртіпсіздіктер жайлы айтып берді

192

Алматы тұрғындары қаңтар басында орын алған тәртіпсіздіктер мен лаңкестік шабуылдардан кейін әлі оңала қоймаған. Сарапшылар да бұл шабуылдарды лаңкестік деп бағалады. Саясаттанушылар мен теологтардың пікірнше, олар халық арасында үрей туғызуға тырысқан. Осы себепті жолындағының барлығын қиратып, адам өлтіруге дейін барған. Оқиғаны басынан кешірген алматылықтар көрген-білгендерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қостанай тұрғыны Индира Смакова жаңа жылдық демалысын Алматыда өткізуді бұрыннан жоспарлапты. Балаларын әдемі қаламен таныстырмақшы болған. Алайда отбасы тәртіпсіздіктердің дәл орталығында қалып қойған.

«Қонақ үйден сол күйі шыға алмадық. Бұл нағыз соғыс еді. Тозақта болғандай күй кештік. Оқ және жарылыс дыбыстары үздіксіз шықты. Өліп қаламыз ба деп қорықтық. Түнде балалар ұйықтады, жолдасым екеуміз қашу керек жағдайда дайын болу үшін кезекпен ұйықтадық. Сол кезде пойыздар жүре бастады. Бірден Алматыдан кетуге асықтық», — дейді Индира Смакова.

Тәртіпсіздіктер басталған уақытта «Астана» арнасының операторы зардап шеккен. Наразыларға қарай бет алғанда, ашулы топ құрылғыны сындырып, өзін аяусыз ұрып кеткен.

«Камерамен шыққанмын, бірақ қосып үлгермедім. Сол кезде тас лақтырды, араларынан біреуі «Камераны сындырыңдар» деп айқайлады. Жақ сүйектен және басымнан соққылар алдым. Аяқпен, қолмен ұра бастады. Жабық ми жарақатын алдым. Білегім әлі ауырады, саусақтарымды соңына дейін бүге алмаймын», — деді Әсет Елімбаев.

Көпшіліктің Әсеттің жолы болды дейді, себебі ол уақытта лаңкестерге әлі қару әкелмеген. Саясаттанушылар қанды оқиғаны лаңкестер ұйымдастырғанына күмән келтірудің қажеті жоқ дейді. Олар алдын ала жоспарды ойластырған. Ал бірінші кезекте қазақстандықтарды қорқыту керек болған екен.

«Азаматтардың өлімі әр уақытта үрей тудырудың амалы болған. Әлеуметтік нысандарды басып алу террорлық акт ретінде тіркелуі керек. Сонымен қатар нысандар оқ астында қалған. Бейбіт тұрғындардың өлімі, басы кесілген екі курсант жайлы білеміз. Мұның барлығын террорлық акт деуге болады», — деп мәлімдеді саяси шолушы Никита Шаталов.

Қазақстандағы тәртіпсіздікке қылмыстық топтар қатыспады деуге болмайды дейді мамандар. Саясаттанушы Расул Жұмалы шетелден пәрмен берілуі ықтимал екенін қосып өтті.

«Түрлі криминалды ұйымдар бар. Сол күні қылмыс әлемінде танымал адамдардың болғанын білеміз. Шетелдіктер араласпады деуге келмейді. Еліміз үлкен, шекарамыз ауқымды», — дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Ал теолог Қайрат Құрманбаев елдегі оқиғадан кейін жіберілген қателіктермен жұмыс істеу керегін айтады. Соның ішінде жастар тәрбиесіне баса мән беру керек.

«Бұл түрлі салада реформа жүргізуге себепкер болу керек. Мұның артында дінге берік адамдар тұрған жоқ. Оларды радикалдармен шатастырмау керек. Дегенмен барлық салада сараптама жүргізіп, жастар тәрбиесімен айналысқан жөн», — дейді «Нұр Мүбарак» Университетінің проректоры, теолог Қайрат Құрманбаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.