Алматы қаласына Наурыз мерекесіне арналған жиынға келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық арасында жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кадрлардың бірінде халықтың арасынан өтіп бара жатқан президенттің оққағарлары әйелдің қолынан ұстап тұрады. Оны байқаған президент оққағарына итерме деген ишара танытып, қолын қағып жібереді. Дәл қазір осы бейнематериал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде.