A place where you need to follow for what happening in world cup

Тоғызкенттіктер тиянақты тірлікке риза

248

Тоғызкент ауылдық округі бойынша қазіргі таңда 2159 адам есепте тұрады, барлық аула саны- 311 үй, оның ішінде Тоғызкент ауылында – 265 үйде-1795 адам, Әбілда ауылында 24 үйде — 187 адам, Майлыкөл ауылында 22 үйде — 177 адам есепте тұрады.
Аймақтағы тұрғындарға 1-орта, 1-негізгі, 1спорт мектебі, 1- амбулатория, 1-медициналық пункт, 2-кітапхана, 2 клуб үйі, саз мектебінің филиалы, 100 балаға арналған «Жанна» бөбекжай бақшасы мен «Пошта» бөлімшесі, 1-учаскелік жергілікті полиция инспекторы және электр жүйесінің 2 маманы халыққа қызмет етеді.
Күні кеше осы ауылдық округте Сарысу ауданы әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қатысуымен есептік кездесу өтті.

Ауыл тұрғындары тарапынан өткен жылы халықпен кездесуде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді, өтініштерді іске асыру бойынша:
1. Әбілда ауылына шағын футбол алаңшасын салуға 8,3 млн қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы пайдалануға берілетін болады.
2. Әбілда ауылындағы көше жарықтары светодиодтық шамдарға ауыстырылды.
Ауылдық округте жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру бойынша «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Әбілда елді мекені спутниктік елді мекен ретінде айқындалып, іріктелініп алынды. Ауылдарды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес елді мекендегі Атақоныс, Елімбай көшелері күрделі жөндеуден өткізілді, Әбілда ауылына ФАП құрылысын салу жобалары енгізілді.
Сонымен қатар Тоғызкент ауылында:
-Тоғызкент ауылы Жастар көшесін күрделі жөндеу;
-Әбілда ауылына шағын футбол алаңшасын салу;
-Тоғызкент ауылына Спорттық сауықтыру кешенін салу;
-Тоғызкент ауылына Дәрігерлік Амбулатория құрылысын салу;
Осы және өзге де мал, мемлекеттік бағадрлама, әлеуметтік сала бойынша да атқарылған және жоспардағы мәселелер әкімінің баяндамасында толығымен қамтылды.
Тұрғындар Тоғызкентте атқарылып жатқан тындырымды істердің куәсі болып отырғандарын тілге тиек етті.
Соның бірі «Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында Тоғызкент ауылындағы «Жанна» балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шатыры жабылды.
Сонымен қатар, балабақшаға бейнебақылау қондырғысы орнатылды.
Тоғызкент ауылына кіреберістегі стелла маңы абаттандырылып қоршалды.
Саңырық батыр көшесіне асфальт жабындысы және жаяу жүргіншілер жолы төселді.
Тоғызкент ауылындағы шағын футбол алаңшасы жөнделді.
Тоғызкент ауылдық клуб үйінің акт залының орындықтары ауыстырылды.
Әкімшілік ғимараты аумағына қоршау орнату жұмыстары жасалды.
Тоғызкент ауылындағы көше жарықтарының электр шамдары жаңа үлгідегі жарық үнемдегіш шамдарға ауыстырылды.
Тоғызкент ауылы Есмырза көшесіне жарықтандыру шамдары,Тоғызкент ауылына 3 бейнебақылау камералары орнатылған.
Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда ауылындағы аялдамаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әбілда ауылындағы Атақоныс және Елімбай көшелеріне асфальт төселіп, түнгі жарық шамдары жаңа үлгідегі жарық үнемдегіш шамдарға ауыстырылды.
Әбілда ауылына «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы салынды.
Әбілда ауылына кіреберіс аркаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Майлыкөл ауылының Орталық көшесіне асфальт жабындысы төселіп, жаңа үлгідегі жарық үнемдегіш шамдары орнатылды.
Мұнан да бөлек көріктендіру, әскерге шақыру, қайырымдылық жұмыстары да тоғызкентте тынымсыз атқарылып келеді.
Соның нәтижесі болар кездесу барысында шағым айтқандардан алғыс айтушылар саны көп болды.
Зейнеткер Ж.Шүленбаев: — Майлыкөл елді мекеніне ауыз су жүйесін жүргізу мәселесін ортаға салды.
Есептік жиынды қортындылаған аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов:
-Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Алда қызу жұмыстар күтіп тұр. Бұл біздің Тоғызкент ауылдық округіне де тән. Ауылдық округ бойынша алда атқарылатын жұмыстар әлі де болса аз емес, тағы да басқа ел ішіндегі күнделікті кезек күттірмейтін мәселелерді шешу ауыл әкімшілігінің жұмыстарының негізі болып табылады,-деп аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.