«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру: Ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму Тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір!» аудандық фестивалі «»Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырылып өткізілді.
2021 жылдың 29 қыркүйекте Бурыл ауылдық округінде Байтақ Қазақстан жерінде 100-ден астам ұлт пен ұлыстар бір еменнің бұтағындай, бір атаның баласындай бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Татулықты ту еткен мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Бурыл ауылында өткен «Халықтар достығы» фестивалі. Салтанатты шараның мақсаты ауданымызда тұратын әр ұлттың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстырып, этномәдени шығармашылық орталықтардың жұмыстарын көрсету және жастардың шығармашылық белсенділігіне қолдау білдіру болып табылады.
Фестивальде түрлі ұлыс өкілдері Тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Сондай-ақ Н. Тілендиевтің «Әлқисса» күйіне қойылған «Шаттық» биі, неміс, орыс, түрік, күрд билерінен шашу шашылды. Өз өнерлерін паш еткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар тапсырылды.