Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2, №4, №22, №16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда. Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады.
Сондай-ақ, сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты. Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай, олар кәріз жүйесі жалғанған және мектеп ішінде орналасуы қажет. Қала әкімі қолға алған істі күнделікті қадағалап құрылыс басына жиі барып тұратын болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық