A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздықтар Наурыз тойын атап өтті

402

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Тараз қаласында саябақтар мен алаңдарда ұйымдастырылды.
«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі киіз үйлерде қолөнер бұйымдарының көрмесі, жаңадан туылған нәрестеге ат қою, бесікке салу, байлау, бау тағар, тұсаукесер салттарынан көріністер қойылып, қала кәсіпкерлерінің ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.
«Жастар» аллеясында «Dombra party» акциясы, «Бақытты бала», «Әнші балапан», «Бала даусы», т.б. байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, арт-көрмелер, сурет салу байқаулары ұйымдастырылды.
Қ.Рысқұлбеков саябағында құмай тазы, бүркіт, гір көтеру, тоғызқұмалақ, асық ату, қой көтеру, т.б ұлттық спорт түрінен ойындар өтсе, «Баласағұн» орталық концерт залының алдында салт-дәстүрден театрландырылған көрініс, мерекелік концерттік бағдарлама, киіз үйдегі қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында заманауи форматтағы ұлттық би көрсетілімі, этникалық стильдегі сән көрсетілімі, концерттік бағдарлама, киіз үйдегі қолөнер көрмесі өткізілді.
«Қазақ халқына мың алғыс» монументі аумағында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы, этникалық топтар өкілдерінің қатысуымен қазақ тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын білуге арналған зияткерлік викториналар, байқау жеңімпаздарын марапаттау, концерттік бағдарлама, киіз үйдегі қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Осы сынды мерекелік іс-шаралар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саябағы, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Жамбыл медициналық жоғары колледжі, №29 орта мектеп, №55 орта мектеп, «Даңқ» аллеясы, «Ұлан» стадионы, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы маңында өткізілді.
Қала аумағында орналасқан спорт алаңдарында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.