A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда жаңа 5 инвестжоба іске қосылмақ

279

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Тараз қаласындағы өнеркәсіп өндірісі 103,1 пайызды, негізгі капиталға салынған инвестициялар 105,6 пайызды құраған. Бұл туралы қала әкімі Айтқазы Қарабалаев шаһар тұрғындары алдындағы қорытынды есеп беру жиынында айтты.

Айтқазы Дәулетқұлұлының айтуынша, бұдан бөлек көтерме сауда тауар айналымы 115,6 пайызды, бөлшек сауда тауар айналымы 101,8 пайызды, құрылыс жұмыстары көлемі 107 пайызды құрап, бюджет 104,5 пайызға орындалған.

– Ал, 2020-2021 жылдары 5 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 519 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде. Атап айтқанда, «Ekojer» ЖШС – «Қоқыс өңдеу зауыты» жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жалпы жобаның құны жобалар құны 17 млрд. 500,0 млн. теңге. Іске асырылу мерзімі 2020-2022 жылдар.

«СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 3,9 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 64 бірлік. Іске асырылу мерзімі 2020 жылдың 3-ші тоқсаны.

«TARAZLNG» ЖШС сұйытылған табиғи газды өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асырылу мерзімі 2020 жылдың 4-ші тоқсаны.

«Дәмді себет» ЖШС «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру» жобасын іске асыруда. Жоба құны 320,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері, 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асырылу мерзімі 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығы.

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС «Ферроқорытпа өндірісі мен шикізат базасын кеңейту және әртараптандыру (2-кезең)» жобасын іске асыруды көздеп отыр. Жобаның жылдық қуаты – 300,0 мың тонна ферроқорытпа. Құны – 29,0 млрд. теңге. Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асырылу мерзімі 2020-2021 жылдар, – деді А. Қарабалаев өз баяндамасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.