A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 5664 жұмыс орны ашылады

231

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және аумақтық округтерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында Тараз қаласының 11 аумақтық округтері бойынша 11 мобильдік топтар құрылып, жұмыс жүргізуде.
Мобильдік топтар құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері енгізілген.
Аталған топтар бүгінгі күнге қала аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 568 тонна күл – қоқыс шығарылды, 3228 тал-дарақтар бұталанып, аялдамалардағы 319 дана жабайы жарнамалардан тазартылып, аялдамалар сырланып қалыпқа келтірілді, 68 км арық жүйелері тазартылды, 79 құрылыс нысандарының қоршаулары қалыпқа келтіріліп, 413 бей-берекет орналастырылған жарнамалар алып тасталынды, 62 бей-берекет сауда орындары жойылды, 42 заңсыз орналасқан дүңгіршектер алынды, 13 заңсыз, «қызыл сызық» нормаларын бұза салынған құрылыс нысандары бұзылды, 47 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылды, қала бойынша 30905 шаршы метр жерлердегі шөптер орылды.
Ағымдағы жылдың 11-12 мамыр күндері мобильдік топ мүшелері волонтерлармен бірлесе карантин режимін бұза отырып, жұмыс істеп тұрған 13 шаштараз анықтады. Шаштараз иелеріне ескерту беріліп, жұмыстары тоқтатылса, 1 шаштараз иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес айыппұл салынды.
Жалпы Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады, оның ішінде 2822 жұмыс орнына «Жұмыспен қамту орталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жұмыспен қамтылатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.