A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда тұрмыстық қатты қалдықтар өңдеу зауыты салынады

320

«Nur Otan» партиясының атынан Тараз қалалық мәслихатына кандидаттар Мұрат Бердалиев пен Серік Жетібаев Тараз қаласындағы «Дәмдес Отау» тұрғынүй кешенінінң тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жүздесуде кандидаттар көпшілікке «Nur Otan» партиясының баянды бастамалары туралы әңгімелеп берді. Бұл тұрғыда алдағы жылдары әрбір азаматтың өмір сүру деңгейін жақсартуға басымдық берілуде.
Қазіргі таңда Тараз қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары қарқынды жүзеге асырылуда. Партия 2025 жылға дейін қалада тұратын бір адамға шаққандағы баспана көлемін 25,2 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.
Сонымен қатар Тараз қаласындағы инженерлік желілерді салу және қайта құру басым бағыттар болып табылады. 2025 жылға қарай партия тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын 52,6%-ға дейін төмендетуді мақсат етеді. Абаттандыру шараларымен, оның ішінде сумен, газбен, жылумен және электрмен жабдықтау бойынша 360,2 мың адамды қамту жоспарланған.
Бұдан бөлек «Nur Otan» партиясы Тараз қаласында 2022 жылдың соңына дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу/жағу зауытын салуға, 2023 жылға дейін 95 гектарға жерге ағаш отырғызу арқылы қала айналасын көгалдандыру көлемін ұлғайтуға, 2025 жылға дейін Тараз қаласында тазарту құрылғылары кешенін салуға ықпал етеді.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.