Шахмат − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі. Бұл ойын адамның ойлау қабілетін, тактикасын және зияткерлік қабілетін дамытатынын бірі білсе, бірі білмес. Шахмат адамның ойлау қабілетіне қолайлы спорттық ойынның әлемге кең тараған түрі.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Ақыл-ой аламанына қатысқан сотталғандар ойын тақтасы басында ойлау қабілеттері мен стратегиялық біліктерін сынға салды. Қызу да тартысты өтіп жатқан жарыс барысында олар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінен кем түспейтіндерін анық аңғартты. Десе де, «ойын тақтасындағы соғыс» барысында шын мықтылар іріктеліп шықты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер мен жүлделі орынға тұрақтағандар бүгінгі тартысты ойын аяқталғанба белгілі болмақ.