A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда «Соңғы қоңырау» соғылды

1 406

Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен-мектептегі соңғы қоңырау салтанаты бүгін Тараз қаласында өтті.

Облыс әкімдігі білім басқармасы ұйымдастырған алтын ұямен қоштасу салтанаты басталмас бұрын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті телеарнадан оқушыларды оқу жылының аяқталуымен және түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтады. Сонан соң «Жастар аллеясында» өткен шарада биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды.

Салтанатты рәсімнен соң арнайы жасақталған 6 автокөлік Ұлы ақын Абай Құнанбаев бейнеленген байрақты желбіретіп, 6 бағыт бойынша Тараз қаласын жүріп өтті.  Көліктерде пәндік олимпиадалар, түрлі шығармашылық халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді көшбасшылары, республикалық «Жас патриоттар» академиясының мүшелері болды.

Балалар ақынның поэзиясын, өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін орындады. Бұдан бөлек көліктерде дауыс күшейткіш арқылы «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған құттықтаулар, білім саласының жетістіктері айтылды.

Сондай-ақ, бұл күні әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен онлайн соңғы қоңырау және сынып сағаттары өткізілді.

Жалпы, биыл облыс бойынша мектеп бітірген 9 171  түлектің 78,3 пайызы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн өтініш тапсырған.  Оның ішінде 383 түлек «Алтын белгіге», 366 түлек үздік аттестатқа үміткер.

Облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмила Бекбатырованың айтуынша, аймақта 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері өткізілмек.

– Мектеп бітіру кештерінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік нормалары сақталуы қажет. Шаралар мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі. Олардың ұзақтың 20 минутты құрайды. Әрбір түлекті қолдауға келген 2 адам ғана қатыса алады. Оқушылар маскамен қамтамасыз етіліп, қашықтықты сақтау керек, – дейді Жәмила Елеуқызы.

Сондай-ақ, оқушылардан мектеп немесе педагогтерге сыйлық жасау үшін қаражат жинау, автокөліктер жалдап, қала ішінде экскурсия жасау және мейрамхана, дәмхана, көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға тыйым салынбақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.