A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда Серік Ахметовты еске алуға арналған шара өтті

268

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы, әділет полковнигі Серік Нұханұлы Ахметовты еске алуға арналған іс-шара өткізілді.

Ағымдағы жылы 4 қарашада Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Жамалбекұлының бастауымен облыстық «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер қызметкерлерінің арасында «ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Серік Нұханұлы Ахметовты» еске алуға арналған кіші футболдан турнир өтті.
Ахметов Серік Нұханұлы 6 сәуір 1959 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 1966-1976 жылдар аралығында Жамбыл қаласының №20 Я.М.Свердлов атындағы орта мектепте білім алды.
1977-1983 жылдар аралығында Серік Нұханұлы Жамбыл гидромелноравтивтік-құрылыс институтында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алды.1990 жылы Москва қаласында ССРО Ішкі істер министрлігінің жоғары курстарын бітірді. Өзінің еңбек жолын Серік Нұханұлы 1976 жылы Жамбыл қаласының «Мир» кинотеатрында киномеханик болып бастады. 1977 жылғы шілде-қараша айларында Жамбыл облысы ІІБ ЖД-158/1 мекемесінде автокөлік жургізушісі болып енбек етті.
Ішкі істер органдарында 1983 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы қарашаға дейін 25 жыл қызмет етті. Өзінің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында ҚР Әділет министрілігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына дейін көтерілді.
Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесін үздіксіз жеті жыл басқарып, осы жүйенің өркендеуіне зор үлес қосты. Жамбыл ауданы, Шөлдала ауылында кіші басшы құрамның алғашқы дайындықтан өтуіне арналған Оқу орталығын, Тараз қаласының А.Асқаров көшесінде европалық стандартқа сай жаңа ЖД-158/7 түзеу мекемесін ашты.
Серік Нұханұлы жас мамандарға жақсы тәлімгер және ұлағатты ұстаз бола білді. Қызметкерлер арасында еңбекқор, өз ісінің нағыз мамандарын анықтай біліп, оларды қызмет бабында жоғарылату жолында аянбай еңбек сіңірді. Сол қызметкерлердің көпшілігі қазіргі уақытта тек біздің облыстық ҚАЖ департаменті мен оның қарамағындағы мекемелерде ғана емес, Атырау, Алматы облыстарында және ҚАЖ комитетінде де басшылық лауазымдарда қызмет атқаруда. Қызмет атқару барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Серік Нұханұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, ҚАЖ комитетінің, облыстық Ішкі ісітер басқармасының басшылығымен 40 рет марапатталған, бірнеше Құрмет Грамотасымен, «КР ІІМ үздік қызметі үшін» төс белгісімен, 1 Кәсіподақтар федерациясының Құрмет Грамотасымен, «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
Серік Нұханұлы құрметті зейнеткер ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел бөлімінің бастығы лауазымынан шықты. Аталған іс-шарада Серік Нұханұлының әйелі Гүлсім Акималқызы және ҚАЖ ардагерлерінің төрағасы сөз сөйлеп қызметкерлерге табыс тіледі. Жалпы турнирге 7 команда қатысты. Турнир соңы «Серік Нұханұлын еске алу» асы ұйымдастырылды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.