Тараз қаласында маусым айының 13 мен 17 аралығында «Подучетник» атты жедел профилактикалық іс- шара өткізілуде.
Тараз қаласының № 1 Пробация қызметі — Тараз қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, пробация қызметініңе себінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 270 тұлғаны мекенжайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандардың сот жүктеген міндеттерді сақтап, бұлжытпай орындалуына яғни, жұмыстан немесе оқудан бос кезде тұрғылықты жерінде болу, алкогольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметінің белгіленген күндері келіп тіркелу міндеттерін қосымша жеткізу болып табылады.
– Белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда немесе пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру немесе шартты жазаға сотталғандардың сынақ мерзімдерін әрмен қарай ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып, сотпен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын орындау бойынша сотқа ұсыныс енгізіледі, – дейді Тараз қалалық пробация қызметінің бастығы Әділет Ерманов.
Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда егер пробациялық бақылауда тұрған сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға мүмкіндігі барын жеткізді.
Сондай-ақ, «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім 26 адамның тізімі анықталып, тиісті құзырлы органдарға жолданды.
Ә. Ерманов,
Тараз қалалық № 1 Пробация қызметінің бастығы, әділет майоры