Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Менің Туым. Менің Отаным! » атты акция аясында қала тұрғындары акцияға қолдау білдіріп, көп қабатты тұрғын үйлерге Мемлекеттік туды ілді. Бұл азаматтардың патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау болып табылады.