A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда колония қызметкерлері 85 ұялы телефон өткізбек болған адамды ұстады

553

ҚАЖ мекемелерінің аумағында бірнеше рет ескертулерге және тыйым салынған заттарды алып қою мысалдарына қарамастан,«курьерлер» кейде кезекті «тыйым салынған затты» алып өткізуге тырысқанда түрлі айла-әрекетиерге барады. Осындай жағдай Тараз қаласы түзеумекемесінің аумағында орын алды, автокөлік жүргізушісі ірі көлемдегі рұқсат етілмеген ұялы байланыс құралдырын өткізуге тырысқан.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің төтенше қауіпсіз ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша 85 ұялы телефон, 11 сим-карта, 18 жұп құлаққап, 21 қуаттау құрылғысы мен 2 USB-адаптерді өткізуге тырысқан адамның әрекетінің жолын кесті.

«Тәркіленген заттар фольгаға жасырылып, ағаш тақтайларғамөрленгені анықталды. Оны 25 жастағы азамат мекеме аумағында жұмыс істейтін ағаш өңдеу кәсіпорнына құрылыс материалдарын кіргізу сылтауымен өткізуді жоспарлады. Бүгінде мұнда 17 сотталған жұмысқа орналастырылған», — дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бекболат Ескеев.
Тыйым салынған заттарды беру фактісі тіркеліп, тергеу шаралары жүргізілуде.
«Ағымдағы жылдың өзінде мекеме қызметкерлері 300-ге жуық ұялы телефон, бір килограмнан астам есірткі заттарын, 3 литр спирттік ішімдіктерді және 19 бірлік тескіш-кескіш заттарды тәркіледі», — деп қорытындылады ҚАЖД бастығының орынбасары.
Тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелердің аумағына кіргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.