A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда көп балалы отбасылар мен жетім балалар баспаналы болды

145

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тараз қаласында»Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша салынған 80 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа 15 шағын ауданда орналасқан тұрғын үйдің иегерлері — көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Жаңа үйде үш бөлмелі 15 пәтер, екі бөлмелі  55 пәтер, бір бөлмелі 10 пәтер.

Көп жыл бойы кезекте тұрғандар берліген пәтер кілттерін тапсыру салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

— Тұрғындардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекет түрлі бағдарламалар қабылдады. Өткен жылы Таразда екі мыңға жуық пәтер берілсе, бүгін де сол игі дәстүр өз жалғасын табуда. Бұл Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біздің әйелдер мен көп балалы аналар үшін ерекше сыйлық болып отыр. Баршаңызды жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеймін, — деп атап өтті аймақ басшысы.

— 10 жыл бойы біз пәтер жалдап, ары-бері көшумен болдық. Енді көптен күткен екі бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл үшін рахметімді білдіргім келеді,- деп Жансая Әбдірайымова өз қуанышын жасырмады.

Бұл күні алты баланың анасы Ғалия Шегеева да қоныс тойын атап өтті. Ол да отбасының, балаларының жүрекжарды қуанышын айтып, ағынан жарылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін жаңа тұрғын үй алқабында барлығы 181 көп пәтерлі және 255 жеке тұрғын үй салу жоспарлануда.

Айта кету керек, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында өткен жылы облыс бойынша 323 пәтер берілген-ді. Сонымен қатар, «Қарасу» шағын ауданында көп балалы отбасыларға арналған 4 көп қабатты әлеуметтік жатақхана салынған болатын. «Арай» шағын ауданында тағы сондай  төрт жатақхананың құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде шамамен 19 мың адам тұр. Оның 2 мыңға жуығы көпбалалы отбасы.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспсөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.