A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің подъезді карантинге жабылды

193

Таразда бұған дейін коронавирус ауруына шалдыққан 86 жастағы әйел анықталған «Қарасу алқабы» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Қазір ол инфекциялық стационарда ем алуда.

Эпидемиологиялық тексеру барысында азаматша 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. 5 байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге орналастырылды.

Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді. Осы подъездегі пәтерлердің 27 тұрғынынына 14 күнге оқшауланып, өз пәтерлерінен шығуға тыйым салынды. Олармен тиісті мамандар әңгімелесулер жүргізіліп, өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығын түсіндірді. Подъезде полиция қызметкерлері кезекшілік етеуде.

Тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі  қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Жалпы өңірде 45 коронавирус оқиғасы тіркелген,оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Делиден анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл ауданында – бір-біреуден тіркелген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.