A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысын енді QR-код арқылы бағалауға болады

944

Қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасау – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізінде жатқан негізгі фактор.

Бұл модельдің ортасында адам тұрады, мемлекеттік орган мұндай өзара әрекеттестік нәтижелі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл Тараз станциясында Желілік полици бөлімі қызметіне енгізілген QR-кодтың жаңашылдығына негіз болды. Енді оның көмегімен қарапайым сауалнама толтырып, Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалауға болады және қай жерде мәселе болса, оны жою жолдарын белгілейді.

QR-код Тараз теміржол вокзалының кіре берісінде, вокзал ғимаратының ішінде, полиция пунктінде ыңғайлы және қолжетімді жерлерде орналасқан. Жауаптар Google іздеу жүйесі арқылы талданады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.