2024 жылғы 10 мамыр күні Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілген жедел жұмыстары барысында халықаралық іздеуде жүрген Алматы қаласының 35 жастағы «А» есімді тұрғыны ұсталды. Күдікті тұлға 2015 жылы Қырғызстан Республикасының құқық қорғау органдарымен Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі, 221-бабы 1-бөлігі, 350-бабы 1,2,3-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды істеді деген күдікпен, халықаралық іздеуге жарияланған.
Аталған тұлға өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін көршілес Қырғызстан Республикасында жүзеге асырған. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.