Тараз қаласы әкімдігінің мамандары, жергілікті полиция қызметкерлері және де санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарынан тұратын 11 мониторингілеу тобы құрылған. Мониторингілеу топтарымен объектілерді аралау кестелеріне сай 30 мамырдан 8 маусым аралығында Тараз қаласында орналасқан 161 нысан араланды, оның ішінде 129 нысанға дайындық актісі берілді (18 саябақ, сквер; 15 сауда орталығы; 6 ХҚКО; 13 мәдени орталық, 13 базар, 26 білім беру объектісі, 10 коммуналдық объекті, 3 қоғамдық тамақтану объектісі, 1 өндірістік объекті, 20 спорттық объекті (жаттығу залдары), 4 өзге де объектілер).
Ал қалған кестеге сай араланған 32 нысан дайын емес болып шықты, атап айтқанда тепловизерлер, санитайзер, бетперделермен қамтамасыз етілмеген (1 сауда объектісі, 1 мәдени, 4 базар, 9 спорттық объекті, 8 білім беру объектісі, 5 коммуналдық объекті, 2 қоғамдық тамақтану орны, 2 өзге де объектілер.
Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі