Бүгін Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Бақдәулет Сариев және кеңес мүшелері қатысты.
Басқосу барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Әсембек Ахметов, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз өнірлік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Арнат Ұлтанбаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, «AМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиялы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали, «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Әбдиев, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің пікірсайысшысы Фариза Амантаева өз ойларын ортаға салды.