A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараптар меморандумға қол қойды

393

Соңғы кездері қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарымызға мемлекет тарапынан түрлі бағытта қолдаулар көрсетіліп келеді. Бүгінде аталмыш буын өкілдерін сапалы біліммен қамту, жұмысқа орналастыру және де «NEET» санатындағы жастарды белсенді іс-шараларға тарту бүгінгі күннің басты талабына айналған. Осыған сәйкес жыл басында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов аудан әкімдеріне және де жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Айта кетейік, бүгінде аталған бағыттағы жоспарлы жұмыстар, ілкімді істер аудан аумағында сәтті іске асуда. Дәл сондай баянды бастамалардың бірі күні кеше аймақтағы іргелі оқу ордаларының алдыңғы қатарында тұрған Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде өткен шарапаты мол іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған бөлім басшылары, агросала қызметкерлері, ірі шаруа қожалық жетекшілері қатысты.

Арнайы ұйымдастырылған семинар қорытындысының нәтижесінде аудан әкімдігі, жұмыс берушілер мен 100 жылдық тарихы бар білім ордасы арасында келісім жасалып, тараптар арнайы меморандумға қол қойды.

Бұл дегеніміз алдағы уақытта меморандум шеңберінде жергілікті атқарушы орган мен білім ордасы бірлесе отырып, жастардың мемлекет тарапынан тегін білім алуына мүмкіндік жасалып, қажетті де білікті мамандарды даярлауды қолға алса, жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау туралы міндеттеме алып, меморандумға қол қойып отыр.

Кеңес соңында семинар қатысушыларына білім беру мекемесінің мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық базасы толық таныстырып, колледж қонақтары сапалы да білікті мамандарды дайындауға толық мүмкіндіктері де бар екенін жеткізді.

Келелі өткен кездесудің нәтижесінде күн тәртібінде қаралған мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табады деп айтуға толық негіз бар.

Мөлдір Тастанбек, 
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.