A place where you need to follow for what happening in world cup

Талдықорғанда «қаңтар» оқиғасына қатысы бар ер азамат үш жылға сотталды

104

Талдықорғанда “қаңтар” оқиғасына қатысұан азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Талдықорған қалалық сотының мәліметінше, айыпталушы ҚК-нің “Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру” 272-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Ер адам 5 қаңтарда орталық алаңда ереуілшілерге қосылып, облыс әкімдігі мен қалалық полиция ғимараттарына шабуыл жасауға қатысқанын мойындады.

«Айыпталушы жерден жатқан тас кесектерін алып, Алматы облысы әкімдігінің  ғимаратына қарай екі рет лақтырған. Сол жерде тоқтамай, қылмыс қаруы ретінде резеңке таяқшаны пайдаланып, әкімдік ғимаратына басып кіріп, үш есікті қиратқан», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол резеңке таяқпен қалалық полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетінің терезесін сындырған.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын ескерді.

Сот шешімімен ер адам үш жыл жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өткізеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.