Талдықорғандағы полиция департаменті ғимаратына мина қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасының жазуынша, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылды.
«Олар ғимаратты толық тексерді. Ақпарат расталмады», – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қоңырау шалған тұлға көп ұзамай анықталды.