A place where you need to follow for what happening in world cup

Таластықтар 8 айда 27,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді

228

Ағымдағы жылдың 8 айында Талас ауданында жоспарлы жұмыстар атқарылып, барлық сала бойынша негізгі көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп, оң динамика қалыптасқан. Нәтижесінде, жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 27 млрд. 473 миллион 100 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі межеден артық, 122,2 пайызға орындалған. Осылайша, ауданда атқарылған жұмыстардан қосымша  4 млрд. 994 миллион 100 мың теңге түскен.

Оның ішінде, өнеркәсіп өнімдері 15 млрд. 838 миллион 500 мың теңгеге өндіріліп, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 4 млрд. 101 миллион 900 мың теңгеге артық немесе 134,9 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 102,9  құрап отыр.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 6 млрд. 496 миллион  500 мың теңгені құрап, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға немесе 218 миллион 700 мың теңгеге артық орындалды.

– Ағымдағы жылдың 8 айында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 115 миллион 900 мың теңгеге 27 жоба қаржыландырылды. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 15 миллион 300 мың теңгенің кепілдігі берілді.

Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының 20 миллион теңге бөлінді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша несие алушылардың тізімі ауылшаруашылық қаржы институттарына 229 миллион теңгенің 52 жобасы жолданды. Жобаларады саламен талдайтын болсақ, өңдеу саласы 23 миллион теңгеге 3 жоба, қызмет көрсету саласы 9 миллион теңгеге 3 жоба,  құс шаруашылығы 2 миллион теңге 1 жоба, мал шаруашылығы 195 миллион теңгеге 45 жоба.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.