A place where you need to follow for what happening in world cup

Талас ауданында 3 су қоймасын салу жұмыстары қарастырылуда

328

Ағымдағы жылы ауданда кішігірім 3 су қоймасын салу жұмыстары қарастырылуда. Атап айтқанда, Қызыләуіт ауылдық округіндегі «Әбдірәсіләуіт», Тамдыда «Дулатбай» және «Көкиық» су қоймалары. Суды үнемдеу мақсатында қолға алынған жаңбырлатып, тамшылатып суару әдісін кейбір шаруа қожалықтары қолға ала бастады,-деп хабарлайды «munaranews.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суды үнемдеу үшін шаруалар осы әдісті меңгеріп, пайдаға жаратудың қаншалықты маңызды екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Мәселен, су үнемдеу технологиясы бойынша ауданда «Нұр-Дәулет» шаруа қожалығы 106 гектар жерді игеру үшін инвестициялық жоба бойынша 77,0 млн. теңгеге жаңбырлатып суару құрал-жабдығын және сусорғысын сатып алды. Құрылғы өткен жылы құрастылып, сынақтан сәтті өтті. Сондай-ақ, Бостандық ауылдық округіндегі «Жаңалық» шаруа қожалығы 30 гектар егістік алқабын тамшылатып және жаңбарлатып суғару технологиясымен, ал Ойық ауылдық округіндегі «Береке» шаруа қожалығы 20 гектар егістік аумағын құбырлы құдық арқылы, сонымен қатар Тамды ауылындағы «Дін-Ислам» шаруа қожалығы 60 гектар көпжылдық шөпке жаңбырлатып суғару әдісін пайдаланды.
Жақсы іс жақынға жұғысты болады. Жаңа технологияның тиімділігіне көз жеткізген өзге шаруа қожалықтары су үнемдеу әдісіне ниет білдіріп отыр. Мысалы, осы жылы жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалану үшін Ақкөл ауылдық округіндегі «Бекен» шаруа қожалығы 42,2 млн. теңгеге, Аққұм ауылынан «Алмар» шаруа қожалығы 84,0 млн. теңгеге, Қызыләуіт ауылынан «Ынтымақ» шаруа қожалығы 15,0 млн. теңгеге жаңбырлатып суғару құралдарын сатып алу үшін қомиссия тарапынан оң шешімін тапты. Мәселе реттелсе, шаруаға шырай кіреді. Бітік өнім, тек жекеге емес, жалпыға ортақ олжа. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жүрде жалғасын табатын болады.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.