Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде 445 сотталған азамат жазасын өтеуде. Олардың ішіндегі 386-ның 752 талап-қарызы бар. Аталған қарыздың жалпы сомасы 2 865 820 652 теңге 65 тиынды құрайды.
Атап айтқанда, 206 сотталғанның мемлекеттік талап-қарызы – 89 722 760 теңге 40 тиын болса, 180 сотталғанның жеке пайдаға және заңды тұлғаларға талап-қарызы – 2 776 097 892 теңге 25 тиынды құрайды.
Бүгінгі күнге дейін сотталғандардың жалақыларынан аталған қаражат уақытылы өндіріліп алынуда. Мәселен, бүгінгі таңда 45 сотталғанның 45 атқару парағы бойынша – 6 001 382 теңге 06 тиын нақты өндірілген. Оның ішінде 30 сотталғаннан 2 456 556 теңге 31 тиын мелекет пайдасына, 23 сотталғаннан 3 544 826 теңге жеке пайдаға және заңды тұлғаларға өндірілді.
Сонымен қатар, өткен жылдың басынан бастап 226 сотталған өз еріктерімен талап-қарыздарын өтеді. Оның жалпы соммасы 52 129 563 теңгені құрап отыр. Жекелей алғанда 201 сотталған мемлекеттік талап-қарыздың 31 776 060 теңгесін өз еріктерімен төлесе, 25 азамат 20 353 503 теңге жеке талап қарыздарды төледі.
М.Таубалдиева,
ЖД-158/2 мекемесі қаржымен қамтамсыз ету қызметінің бас бухгалтері