A place where you need to follow for what happening in world cup

Талап-қарыздар өтелуде

232

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ң ЖД-158/2 мекемесінде 2020 жылдың бүгінгі күніне сотталған азаматтардың  389-нің 506 талап-қарыздары бар. Оның жалпы сомасы – 3 652 589 256 тенгені құрайды, яғни 110 сотталғанның мемлекеттік талап қарызы – 232 596 874 тенгені, ал 279 сотталғанның жеке пайдаға және заңды тұлғаларға талап қарызы – 3 419 992 381 тенгені  құрайды.

Сонымен қатар, жылдың басынан бастап 168 сотталғандар өз еріктерімен талап қарыздарын өтеді. Оның жалпы соммасы — 30 063 683 тенге болды.   Мемлекеттік талап-қарызды 150 сотталған 15 174 080 тенгені өз еріктерімен төлесе, 18 сотталған азаматтар 14 839 603 теңгені жеке талап қарыздарды өтеді.

Мекемедегі келіп түскен талап қарыздары бар сотталғандарға қатысты соттарға және атқарушылық органдарға сұраныс хаттар жіберілуде, алайда  атқару парақтары мекемеге уақытысынан кешігіп келіп түсуіне байланысты талап қарыздарын айлық жалақыларынан ұстауға мүмкіндік болмай отыр. Орындалған атқару парақтары атқарушылық органдарға атқарылуына байланысты дер кезінде  қайтарылуда.Сонымен қатар сотталғандардың арасында қаржы бөлімінің, тәрбие бөлімінің жеке сұрақтарымен қабылдау кезінде талап- қарыздарын өз еріктерімен өтеуге болатындығына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.