Сүңгуірлер Талғар ауданында жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. talgarnewskz-ке сілтеме жасап.
Бесағаш ауылының тұрғыны, 22 жастағы қыз 7 тамызда үйінен шығып кеткен. 5 күннен бері ешқандай жоқ. Оның жігітпен бірге кетіп бара жатқаны бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған.
Оны сүңгуірлер Тасқұм көлінің түбінен іздеп жатыр. Сонымен қатар тау сілемдерін тексеруге кинологтар шақырылды.