A place where you need to follow for what happening in world cup

Таңғы бесте терезен шығып кеткен: Қостанай облысында бес жасар қыз жоғалды

128

Бір күн бұрын Қостанай облысында бес жастағы қыз жоғалып кетті. «Дос» іздеу-құтқару жасағының еріктілері Мәдина Ерланқызы есімді бүлдіршіннің жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Таңғы сағат бестер шамасында бүлдіршін Жамбыл ауылындағы үйінен шығып, қайтып келмеген. Қыз үстінде тек іш киімі бар. Сондай-ақ, белгілі болғандай, бүлдіршін мүлде сөйлемейді.

Қыздың анасының айтуынша, 5 жастағы Мәдина 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің қарауында болған. Таңертең қыздар оянғанда сіңлісін таппай қалған. Бүлдіршін терезеден шығып кеткен.

Полиция департаменті хабарлама түскеннен кейін бірден жедел-іздестіру шаралары кешені басталғанын атап өтті. Қостанай полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта баланың қайда кеткенін анықтау үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде.

«Бүкіл ауыл қарап жатыр, полиция, кинологтар. Іздеуге квадроцикл мінген адамдар да қосылды. Қызға “Маша мен Аю” мультфильміндегі ән қатты ұнайды, сондықтан соны қосып іздеп жатырмыз», –  деді Ольга Сверетюк, №10 аймақтық іздестіру отрядының волонтеры.

stan.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.