Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы 476-бабының 6-тармағымен (карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу), жасалған құқық бұзушылық бойынша азамат Ы-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2020 жылдың 17 сәуір күні азамат Ы. өзінің автокөлігін рұқсат құжаты жоқ бола тұра себепсіз Тараз қаласының аумағында басқарған, Төле би мектебінің алдында орналасқан блок постта тоқтатылған.
Соттың қаулысымен азамат Ы. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағындағымен кінәлі деп танылып, (10) айлық есептік көрсеткіш, яғни 27 780 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілк жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген.
Мұхтар Сисенбаев