A place where you need to follow for what happening in world cup

Төтенше жағдай мезгілінде түзеу мекемесіне телефон лақтырмақ болған тараздық ұсталды

192

Жергілікті уақытпен күндізгі сағат 18:00 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесі қызметкерлерінің жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесінің сыртқы жағынан қоршау арқылы белгісіз зат лақтыруға әрекеттенген күдікті азамат анықталып, құрықталды.
Ұсталған азаматты тексеру барысында оның қолынан скотчпен оралған орама табылды. Орамадан «ОРРО» маркалы ұялы телефон, «Аctiv» ұялы байланысының 2 сим картасы және телефон қуаттағыш табылып, тәркіленді.
Күдіктінің жеке тұлғасын анықтау барысында, оның 1994 жылы туылған Р.М. есімді қала тұрғыны екені анықталды.
Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қызметкерлердің қызметіне кедергі келтіретін азаматтық тұлғаларды анықтау және оларды ұстау кезінде жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Еділ Оспан,
ЖД-158/4 мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.