Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбында ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі күні «Тәрбие түбі — береке» — тақырыбында ардагерлермен, қоғам қайраткерлерімен жастардың (студенттердің) кездесуі өтті. Кездесу барысында отбасылық тәрбие, қоғамдық тәрбие, ынтымақ, бірлік төңірегінде сөз қозғалды. Жастар үлкендердің әңгімесінен үлкен әсер алды.