Тергеудегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен №67 мекемесінің АКАТЖЖӘП бөлімшесінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған, атап айтқанда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Н.Мыркалиева, мекеме инспектор психологы, әділет аға лейтенанты А.Е.Аташева және мекеменің аға инспектор теологы, әділет аға лейтенанты Н.М. Қожамкулов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және радикализмге қарсы имунитетті қалыптастыру мақсатында тергеудегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге «Тұзақ» деректі фильмі көрсетілді.
Діни экстремизм және терроризмнің зияндылығын көрсетуге бағытталған деректі фильмді тамашалаған жасөспірімдер теріс ағымдағы жат қылықтарға өздерінің пікілерін айтып, талдау және талқылау жүргізілді. Мекеме психологы мен теолог тарапынан сұрақтар қойылып, түсіндірме жұмыстары өткізілді. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.
Меруерт Мыркалиева,
АКАТЖжӘПБ инспекторы, әділет аға лейтенанты