Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов барлық сақтық шараларын ұстана отырып, тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтардың дені жер, тұрғын үй және әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жүгінуде.
Атап айтар болсақ бүгінгі кездесуге келген 30 тұрғынның 7-еуі тұрғын үй, 2-жер, денсаулық саласына қатысты бір, 12 адам жұмыс сұрап, 4 адам әлеуметтік көмек, 4 адам әртүрлі мәселелер бойынша келіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Барлық өтініштер мен ұсыныстарды аудан әкімі мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қаралатынын түсіндіріп, мекеме мен бөлім басшыларына тұрғындардың мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық