A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

270

Апта басында аудан іргесіндегі Д.Қонаев ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аталмыш шара облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ауыл-аймақтарда көшпелі қоғамдық қабылдау өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ашық аспан астындағы қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев пен аудан әкімдігіне қарасты бірқатар бөлім басшылары қатысты. Олар ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті сұрақтарға жауап беріп, өз салалары бойынша бағыт-бағдар көрсетті. Айта кету керек, ауылдықтардың басым бөлігі әлеуметтік көмекке қатысты сұрақ қойды. Дәлірек айтқанда, 49 тұрғын әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грант бойынша 14 сұрақ қойса, ауыл шаруашылығы бойынша 3, кәсіпкерлік саласы бойынша 4, тұрғын үйге қатысты 8 және жерге қатысты 6 сұрақ түскен. Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімі мен мәдениет бөліміне екі тұрғын жеке мәселелері бойынша қайырылған. Ал ауданымызға жаңадан тағайындалған прокурор Секер Бүркітбаев ауылдағы ағайынның талап-тілегін жеке-жеке жазып алып, қосымша зерделейтінін жеткізді.

Өз кезегінде ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Байдәулет Досымбеков те қоғамдық қабылдауды ұйымдастыруға бастамашы болған облыс әкімі Б.Машбекұлы мен аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта Бірлік, Жаңақоғам, Алға және Жаңа жол ауылдық округтерінде жалғасын таппақ.

Ерғали АСХАТҰЛЫ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.