Алматылықтар қалада жарық сөнгенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды munaranews.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, қаланың кейбір аймақтарында электр энергиясы жоқ. Қала ішінде бағдаршамдар істен шығып, көлік кептелісі артқан.
Сондай-ақ өзге облыстарда жарықтың сөнгені жайлы ақпарат тарауда. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықтың сөніп қалғанын айтты.
Алматы қалалық әкімдігі істің мән-жайын анықтауда.