Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қабырға газеті сайысы өткізілді.
Бұл сайыстын мақсаты – Тәуелсіздіктің құндылығы мен егемен елдің қалыптасу жолындағы Елбасының рөлін ұғындыру, сотталғандардың шығармашылық және әлеутеттік белсенділігін көтеру, адамның жан-жақты дамуын қалыптастыруда олардың танымдық қызметін ынталандыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын дамыту.
Жарысқа мекеме жасақтарының сотталғандары қатысты. Қазылар алқасының жұмысы нәтижесінде орындар жұмыстың мән-мағынасы мен сапасына қарай бөлінді.
Байқау барысында шығармашылық ойлау шеберлігін көрсеткен Еркебұлан Көлбаев үздік деп танылса, ІІ орынға Владимир Лесник лайық деп танылды. Ал, жүлделі ІІІ орынды Олег Ким қанжығалады.