A place where you need to follow for what happening in world cup

Түзеу мекемесінің қызметкерлері ерікті түрде екпе салдырды

1 259

Коронавирус індетіне қарсы ерікті түрде вакцина салдыру елімізде осы жылдың 1 ақпанында басталды. Сол уақыттан бері өңірдің мыңдаған азаматы екпе алып үлгерді. Оның ішінде тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін мекеме қызметкерлері бастап, түрлі кәсіпорын жұмысшылары қостаған қауіпті індетке қарсы екпе егу жұмыстары жалғасын табуда.

Ерікті түрде екпе алу жұмыстары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бастамасымен ведомствоға қарасты мекемелерде де жүргізілуде. Соның бірі – ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері де екпе салдырып, белсенділік танытуда.

Күні кеше мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев өзі бастап, ұжымның 37 қызметкері екпе алды. Вакциналау жұмысын ұйымдастырған Тараз қалалық №4 емханасының бас дәрігері Нұртуған Әлқуатов пен ЖД-158/2 мекемесі медицина бөлімінің бастығы, әділет майоры Гүлшат Медетбекова әуелі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан соң аталған емхананың медбикелері қызметкерлердің денсаулығын тексеріп, қауіпті індетке қарсы «Спутник-V» вакцинасын екті.

– Ғаламды үрей құшағында ұстан тұрған індеттен арылудың жалғыз жолы – екпе алу. Осы орайда ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезініп, вакцина салдыру туралы шешім қабылдадық. Екпе алған алған қызметкерлердің барлығының денсаулығына байланысты шағым жоқ, өздерін жақсы сезінуде, – дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев.

Айта кетейік, аталған мекеменің қызметкерлері жалпы ережеге сай, жиырма бір күннен кейін, екпенің екінші бөлігін қабылдайтын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.