A place where you need to follow for what happening in world cup

Түлектерге офицер шені тапсырылды

222

Жылдағы дәстүр бойынша академиялардың түлектеріне диплом және офицер погонын тапсыру рәсімі оқу орнында өткізілетін. Салтанатты шара барысында иығында су жаңа жұлдыздар жарқыраған жас лейтенанттар сап түзеп, көпшілік алдынан жүріп өтетін. Ал биыл әлем елдерін дүрліктірген індетті алдын алуға байланысты мұндай іс-шараларға рұқсат жоқ. Есесіне, түлектерге дипломмен офицер погонын өңірлердегі ҚР ІІМ қарасты департамент басшылары табыстауда.
Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының түлектері — қос курсант Диас Үштаевпен Бахром Абдувалиев лейтенант арнайы атағын Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/4 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Байжігітовтің қолынан алды.
— Білікті қызметкер адамдық құндылықтарды биік ұстайтын, темірдей тәртіпті сақтайтын, табанды еңбек ететін адам болуы шарт. ҚАЖ қызметінің одан әрі дамуы – сіздердің сапалы жұмыстарыңызға тікелей байланысты, – деген Б.Байжігітов олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Рәсім барысында сондай-ақ мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны Әділет Джарыкбасов сөз алып, шенді салтанатты түрде алған курсанттарға жылы лебізін білдірді.
— Бүгін сіздер үшін үлкен қуаныш. Офицер жұлдызшасы сіздерге қауіпсіздікті сақтауға, азаматтардың, әріптестерімізбен отбасыларымыздың тыныштығын қорғауға, сондай-ақ ішкі істер органдарында қалыптасқан дәстүрді жалғап, Қазақстан офицерінің мәртебесін түсірмеу жолында үлкен жауапкершілік жүктейді, — деді ол.
Мұнан соң, сөз алған жоғары оқу орнын аяқтаған жас офицерлер бар күш-жігерін егемен еліміздің дамуына және ҚАЖ қызметін нығайтуға жұмсаймыз деп сендірді. Айта кетейік, күні кеше дәл осы курсанттар Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің қолынан дипломдарын алған болатын.

Аида МҰСАЕВА,
Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты тобының бас маманы, әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.