A place where you need to follow for what happening in world cup

Сынақтан ұйымшылдықпен аман-есен өтейiк

177

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Мәлімдемесін зейін салып, тыңдадым. «Ел басына күн туғанда»- мемлекет басшысы көптеген шешімдер қабылдап, халыққа қолдау көрсетуде. Әлемді абыржытқан індет біздің халқымызды да алаңдатуда. Атап айтар болсақ, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсету жалғасын таба беретіндігі айтылды. 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспарланса, сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілмек. Себебі, еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылып отыр.
Мәлімдемеде Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі қасиетті Рамазан айының – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат айы екенін ескертіп, әр азамат халықтың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершілікті сезінуі керектігін жеткізді. Алдағы Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетілетінін айтып, індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға алғысын да жеткізді.
Сондықтан да төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтай отырып, аталған сынақтан ұйымшылдықпен аман-есен өтейiк.

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,
журналист.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.