A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайластықтың алдын алу жұмысы қаралды

372

Үстіміздегі аптада аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Қордай аймағы бойынша ауданаралық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Туленбаевтың және басқарманың аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Н.Байтанаевтың қатысуымен Дулат ауылдық округінің әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысы қаралды.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Ә.Балқыбеков төрағалық етті.
Жиынға қатысқан аудан әкімдігінің бөлім басшылары, Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдеріне алдағы уақытта заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
***
Шу аудандық полиция бөлімінде Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Қордай аймағы бойынша ауданаралық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Туленбаевтың және басқарманың аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Н.Байтанаевтың ұйымдастыруымен Шу аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қылмыстарды тіркеуден жасыру деректеріне қатысты өндірісте тергелген қылмыстық істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынысы қаралды.
Жиналысқа Шу АПБ-нің басшылары және жеке құрамы қатысты. Шу аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеуге тиісті профилактикалық, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және Заң бұзушылықтарға жол берген Шу АПБ-і қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершіліктерін қарастыру ұсынылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.