Пандемия жағдайы ескеріле келе «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты облыстық жастар саясаты басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және профилактикалық тәжірибе» тақырыбында онлайн форматта конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі А.Ажибаев пен заңгерлер және студенттер аудиториясы қамтылды. Конференция барысында жемқорлықтың алдын алу және одан сақтанудың жолдары туралы әңгіме қозғалды. Сыбайлас жемқорлық қоғамның қай саласын алып қарамасаң да дертке айналып бара жатқаны, ел экономикасының өсуіне кедергі келтіретіні турасында мәселелер талқыланып, жастар өзара пікір алмасты.