Ағымдағы жылдың қыркүйек және қараша айлары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі қағидалары» тақырыбы шеңберінде жастармен оннан аса кездесулер өткізілді. Кездесулер Тараз қаласы мен облыс аудандарының аумағында ұйымдастырылып отырды. Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері, облыс аумағындағы «Адалдық алаңы» жобалық офистерінің жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының қағидаларын жан-жақты талқылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізудің түрлі бағыттары аясында өз ойларын ортаға салды.