Агенттік Төрағасы А.Шпекбаевтың жемқорлықты жоюға әсер ететін факторлары туралы және Агенттіктің алдына қойылған басты бастамалар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде — Ә.Әшірбаев баяндады. Атап айтқанда:
— ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын сапалы сүйемелдеу». Демек, бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қою;
- электрондық ұлттық валюта құруды жеделдету. Бұл парақорлар үшін ыңғайлы қолма-қол ақшаны қысқартуды жеделдетеді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражаты қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етуге он септігін тигізеді;
- барлық деңгейдегі бюджеттердің толық ашықтығын және қоғамдық қадағалауды нығайту арқылы мемлекеттік сатып алулардағы мәселелерді шешу. Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жүйесін түбегейлі қайта қарау арқылы жемқорылқты болдырмау;
- жедел-тергеу қызметінің басымдықтарын белгілеп, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесуді, мемлекетке келтірілген залалдың уақтылы және толық өтелуін атап өтті.
Баяндама соңында департамент басшысы Ә.Әшірбаев, екінші жартыжылдықта жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар барынша жандандыра түсетіндігін хабарлады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық